АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі елдің бұрынғы жоғары өкілетті шенеунігі Су Жунды Қытай Коммунистік партиясы қатарынан шығарды.
Су Жун Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ол лауазымын теріс пайдаланып, пара алғаны үшін айыпталып отыр.
Су Жун Қытайдың жаңа басшылығының жемқорлыққа қарсы күресі науқанының нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезекті жоғары өкілетті ресми тұлға болды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.