Қытайлық миллиардер мыңдаған кедей-кепшікті мейрамханада түстенуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жомарттығымен аты шыққан қытайлық миллиардер Чэнь Гуанбяо күнкөріс жағдайлары төмен мыңдаған америкалықтарды Нью-Йорктегі мейрамханада өзімен бірге түскі ас ішуге шақырды.

Дәмді түскі астан басқа қайырымдылық шараға келген әр адамға қосымша сыйлық - 300 доллар көлемінде қаражат салынған жабықхат берілмек.

«Осылайша Қытайда байлықтың буына мастанбаған атына лайықты қайырымды жандар бар екенін көрсеткім келеді», - деп ағынан жарылды миллиардер South China Morning Post газетінде.

Оның айтуынша, бұл шақыруға күні бүгінге дейін 250-ден астам адам үн қатқан. Қайырымдылық асы 25 маусымда Нью-Йорктің Орталық саябағындағы «Боат хаус» мейрамханасында өтеді. Кеш иесі өз қонақтарына Майкл Джексонның «We Are the World» хитін орындап бермекші.