Бұл отбасында ересек екі адам және бір сәби бар. Отағасы Цзэн Линцзюнь жиырма жасқа жеткенде елді мекеннен Шеньянға көшіп келіп, жұмысқа орналасқан.
2006 жылы сүйіктісімен некеге отырды. Алайда бір қиындық болды: олардың үй жалдап тұруға ақшалары болмады. Сол себепті олар қонақ үйдегі ер кісілер дәретханасын жалға алуға мәжбүр болады. Бұрын бұл дәретхана қолданылмаған, оның аумағы 20 шаршы метрді құрайды. Бірнеше жылдан кейін олар сәбилі болып, есімін Дэи - «бақытты» деп қояды. Цзэн аяқ-киім шебері, бұған қоса ол тапсырысқа кілт жасап, күн көреді. Айлық жалақысы 300 долларды құрайды, зауыттарда да осындай соманы төлейді. Сондықтан Цзэн өміріне дән риза.