Бірақ, күн өткен сайын ақшаны баласы мен келіні тартып алатындай болып көрінген ол, ақыры 140 мың юаньді (21 мың доллар) қайшымен майдалап кесіп тастапты. Қалған алпыс мың юаньді де кеспек болған жерден әкесін баласы тоқтатады. Ақыры соншама соманы ысырап етпес үшін қарттың әйелі мен ұлы отырып алып, қиылған ақшаны қайта желімдеуге кіріседі.
Олар әр күн сайын кешкі жетіден түнгі сағат он екіге дейін ақша жамаумен айналысқан. Сөйтіп, олар бүкіл ақшаны үш айдай уақыт бойы құрастырып, желімдеп, банкке апарып өткізіп, орнына жаңа банкноталар алған екен. Маңдай термен бүтінделген қомақты қаржыны отағасы қайтадан түртпес үшін отбасы банкке салып тастапты, деп хабарлайды informing.ru-ға сілтемемен 24.kz.