Арнайы құрылғының көмегімен Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясы Шэнчжоу қаласы Шишэ ауылында түсірілген суретке Жэнь әулетінің 500-ден астам отбасы мүшесі іліккен.
Фотографияда отбасы мүшелерінің 25-тен 31-ге дейінгі ұрпағы бар. Бұл әулеттің мүшелері елдің түрлі аумағында, Бейжіңде, Шанхайда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде, Тайландта және т.б. тұрады.
«Шежіре кітабына қосымша мәліметтер енгізуге екі жарым жыл жұмсадық», - деді Шишэ ауылының КПК ұяшығының хатшысы Жэнь Туаньцзе.
Көктем мерекесі әулеттің барлық мүшелерінің басын қосып, өз шежірелерін еске түсіруге мүмкіндік берді.