Басылым хабарлағандай, бойжеткеннің сыртқы келбетінің шамадан тыс үлкен болуы және күннің жылы болуына қарамастан қалың киініп алуы кеден қызметкерлерінің күдігін оятқан.
Арнайы жүргізілген тексеру нәтижесінде қытайлық бойжеткеннен салмағы 20 келі болатын 102 айфон тәркіленді. Ол айфондардың барлығын үстіне жапсырып, байлап алған.
Енді заңды бұзған бойжеткен осы әрекеті үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.