Мәлімделгендей, жерді пайдалану және табиғи ресурстар басқармасының басшысы Чэнь Чжуншу оларға оқ жаудырған. Шабуылдан кейін әлгі азамат өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшты. Оқиға жергілікті көрме кешеніндегі кездесу кезінде орын алды.
17:15, 04 Қаңтар 2017
Қытайлық шенеунік бастығы мен әріптесін атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Паньчжихуа қаласының мэрі (Сычуань провинциясы) Ли Цзяньцинь және компартия қалалық комитетінің хатшысы Чжан Янь қастандық салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.