Қытайлық шенеуніктен 2 тонна ақша тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы сот билігі ҚХР энергетика министрлігіндегі шенеуніктің үйінен 33 млн. долларға жуық ақшаны тәркіледі.

Тәркіленген ақшалардың жалпы салмағы 2 тоннаны құрады. Оларды санау кезінде ақша есептейтін 16 құрылғы істен шығып қалған. Бұл мемлекет тарихында тәркіленген ең үлкен сумма болып отыр. Қытай энергетика министрлігінде басшылық қызметтен жасайтын Вэй Паньгуанның үстінен жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, тергеушілердің айтуынша, қазіргі кезде жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 11 шенеуніктің үстінен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, деп жазады шетелдік БАҚ.