Суретшінің жаңалығы жұртшылыққа Сычуань провинциясында өткен көрмеде ұсынылды. Хэ Вэньцзюньнің айтуынша, ол қылқаламға арналған қылшықты жылқының қылынан өз бетінше даярлаған. Бұл үшін ол үш жүз жылқының құйрық қылын пайдаланған.
Қылқалам 25 килә сияны сорып алады. Құрылғы салмағының ауырлығына қарамай Хэ Вэнцзюнь «айдаһар» деген иероглифті жазып каллиграфиялық шеберлігін танытты.
Қытайлық шебердің жетістігі Гиннесстің рекордтар кітабына енді.