Ореховый Брат өз жұмысында пайдаланған өнеркәсіптік шаңсорғыш қуаттылығы 1000 Вт. Ол бір күнде 62 адам жұтатын ауаны сора алады. Төрт жарым айда жиналған фильтрлендірілген бөлшектер бір кірпіш жасауға жетіп артылды. Ореховый Брат енді кірпішті дайындау үшін құрылыс материалдары зауытының көмегіне жүгінді, деп нақтылады басылым.
ECNS фоторепортажында көрсетілгендей, Ореховый Брат шаңсорғышты Бейжің көшелерінде кішкентай арбамен тасыған. Шаңнан жасалған кірпіш сары-қызыл түсті болды.