Қытайлық суретші Месси, Роналду және Неймардың портреттерін доппен салып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талантты қытайлық суретші Хонг Йи әлем футболының жұлдыздары Месси, Роналду және Неймардың портретін футбол добымен салып шықты, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Жас суретшіні қарапайым қылқалам мен бояу қызықтырмайды. Ол әдетте туындыларын кофе түйірлері, қияр, ет, пияз және басқа да ерекше заттармен салады. Ал бұл жолы Хонг Йи футболшылардың портретін салуда өзінің аяғы мен бояудың көмегіне жүгінген.