Қытайлық туристер мінген кеме Малайзия жағалауында жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 31 адам, соның ішінде 20 қытайлық турист бар кеме Малайзия жағалауында жоғалып кетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Қытайдың бас консулдығына сілтеме жасап.

Агенттіктің дерегіне сәйкес, Сабах штаты Кота-Кинабалу қаласының әкімшілік орталығынан Менгалум аралына бет алған кемемен байланыс 28 қаңтар күні үзілген.

Агенттіктің хабарлауынша, 29 қаңтар күні Кота-Кинабалу қаласындағы ҚХР бас консулдығы кеменің бортында 20 қытайлық туристің болғанын растады.

Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды РИА Новости.