Жергілікті уақытпен 13.00-де 83 рейс кейінге қалдырылған болатын. Билік жолаушылардан рейстер жөнінде ақпараттарды алдын ала тексеруді сұрайды.
30 желтоқсаннан 1 қаңтарға Бейжіңде және қала маңында, сондай-ақ Тянцзиньде түтінге байланысты қауіптің сары деңгейі жарияланды, деп хабарлады жексенбіде Sohu порталы жергілікті билікке сілтеме жасап.
Ауаның былғануы мониторингін жүргізетін сайттың ақпаратына қарағанда, жергілікті уақытпен 16.00-де Бейжіңдегі зиянды заттардың жиынтығы текше метріне 484 микрограмм, ал Тяньцзиньде - шаршы метрінде 240 микрограмм болған. Бұл қалыпты деңгейден бірнеше есе жоғары көрсеткіш болып табылады.