Қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» «Челсиге» Диего Коста үшін £80 млн бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық футбол клубы 'Тяньцзинь Цюаньцзянь' ағылшындық 'Челси' командасының шабуылшысы Диего Коста үшін £80 млн ұсынбақ ниетте.

 Бұл туралы  Sun басылымы жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, қытайлық тарап бұдан бұрын «Челсиге» 28 жастағы испандықты сатып алу жайында өтініш білдірген. Ол шақта ағылшындық клуб  £50 млн туралы ұсынысты қабылдамаған еді. "Тяньцзинь" соманы көбейтті, енді форвард  аптасына £480 мың алатын болады.

"Тяньцзинь» бас жаттықтырушысы Италия құрамында 2006 жылы әлем чемпионы болған Фабио Каннаваро. Қазіргі уақытта Коста Англия чемпионатының үздік мергені болып есептеледі. Ол 18 ойында 14 гол салған.