Бұл туралы ТАСС жазады.
"Чжунго циннянь бао" газетінің хабарлауынша, қайғылы оқиға құрбандарының жалпы саны 173 адамға жеткен.
Оқиға салдарынан тағы 800-ге жуық адам жарақаттанды.
Зардап шеккен 224 адам әлі де ауруханаларда жатыр, олардың бесеуі өте ауыр немесе ауыр жағдайда. Жараланған 574 адам емдеу алып үйлеріне жіберілді.
Жарылыстар «Жуйхай» логистикалық компаниясының қоймасында орын алған. Соққы толқыны 2 шақырым радиусындағы тұрғын үйлердің шыныларын сындырып, 1 мыңнан астам көлікті бүлдірді. Қуаттылығы тротил эквивалентінде 3 тоннаға бағаланатын жарылыстан кейін оқиға ауданында күшті өрт басталды. Одан кейін қоймада тағы бірнеше жарылыс орын алды, олардың ішінде ең күштісінің қуаттылығы 21 тонна тротилге баланады.