Қытайдың Куньмин қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте, Есболат қытайлық Яң Хаиды 4 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.
Айта кетейік, Есболат Нәсиоллаұлы WBA және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы, Қытайдағы ең танымал кәсіпқой боксшылардың бірі Бейсенбі Нәсиоллаұлының (14-2-1,6КО) інісі.
Қытайлық жанкүйерлер Бейсенбінің бокстасу мәнерін және келбетін қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатып, «OneG» деп атап кеткен. Сондай-ақ, қандасымыз ҚХР-ға ғана емес, қазақстандық бокс жанкүйерлеріне де жақын таныс.
Есболаттың алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін, қытайлық бокс жанкүйерлері қандастарымызды ағайынды Кличко сынды әлемге танымал болатынына сенімді.