Сычуань провинциясындағы ауылдардың бірінде ұзындығы екі, биіктігі жарты метр құрылыс салынды. Бұл қабырғаны салу үшін 13,1 миллионға жуық юань кеткен, бұл 2,2 миллион долларға жуық.
Бұл қаражатты ауылға құқық қорғау органдарының қызметкерлері әкеліпті. Фермерлерге ақшаны табыстағанша, күзетшілер оны біраз уақыт қарауылдап тұруларына тура келген. Түнде ұрланып кетпес үшін олар ақшадан төсек пен жастық жасаған. Алайда, қызметкерлердің бірінің айтуынша, ақшаға алаңдағаны соншалық, түні бойы көз ілмеген.