Жүздесу барысында Алматының инвестициялық тартымдылығы, туризм мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Қытайлық тарап қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Smart City» ақылды қаланы салуға және Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге қатысуға ынталы екендіктерін білдірді.
Кездесу барысында әкім Бауыржан Байбек екі жаққа да пайдалы жобаларды инвестициялауға барлық мүмкіндіктердің бар екендігін жеткізді. Алматының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында шетелдік капиталды тарту қарастырылған.
Қазіргі таңда Алматыда 69 біріккен кәсіпорын тіркелген. 172 кәсіпорын қытайлық капиталмен жұмыс жасап жатыр.