Қазақстандық дипломат форум барысында елдегі шетелдік инвесторлар үшін басымдылықтар, ұлттық заңнаманы оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Ұлттық инвестициялық стратегия туралы айтты.
«Жаһандық және өңірлік интеграциялық процестерді қолдайтын Қазақстан инвестиция және сауда-саттық жолдарындағы кедергілерді төмендету және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге жете мән беруде», - деп атап өтті ол.
Ш. Нұрышов қытай бизнес өкілдерін осы жылдың тамыз айында ЭКСПО-да өтетін Ганьсу провинциясының апталығы аясында жаңартылған және баламалы энергия салаларындағы заманауи жаңа жобаларын көрсетуге шақырды.