Қытайлықтар Конфуцийдің мерейтойын атап өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат -Дүйсенбі күні Қытай Халық Республикасының тұрғындары атақты философ Конфуцийдің туғанына 2560 жыл толуын атап өтті,

деп хабарлайды   ВВС агенттігінің   Орыс қызметі.

Негізгі    салтанаттар    ойшылдың  туған   жері -  Цюйфу    қаласында  өтті. Онда   мыңдаған  адам    жиналды,  олардың    ішінде дипломаттар,  философтар және  Конфуцийдің  үрім-бұтақтары болды.

Бұған  дейінгі ақпараттарда әлемде     Қытай  ойшылының  2 миллионға жуық   ұрпағы   бар   екендігі  айтылған болатын.