Қытайлықтар жаңа салықтың салдарынан жаппай ажыраса бастады
04:50, 07 Наурыз 2013
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қытайлықтар жылжымайтын мүлікке салынатын жаңа салықтан құтылу үшін жалған айырылысу шараларына көшті, деп хабарлады Shanghai Daily.
Өткен аптада қытай өкіметі артық үйін сататын болса, 20 пайыздық қосымша салық салынатынын жариялады.
Мұндай шығынға ұшырамас үшін екі үйі бар көптеген жұп біреуін сату үшін, айырылысуға ұйғарды. Сөйтіп, бұрынғы ерлі-зайыптылардың бір ғана тұрғылықты жерлерінде әрқайсысының бөлек үйі болмақ. Үй сатуды ойдағыдай іске асырғаннан кейін олар қайта қосылып, некелерін тіркетпек.
Шанхай ауданының Чжабэй әкімшілігі 5 наурызда рекордтық айырылысу рәсімі тіркелгенін мәлімдеді. Бір күннің ішінде ғана 53 жұбайлар жұбы айырылысуға өтініш берген, әдетте бір күнде оншақты осындай өтініш түсетін. Айырылысудың себебі ретінде «мінезіміз жараспады» деген сылтау көрсетілген.