Қытайлықтардың кептелістен арылтатын ерекше автобусы
08:08, 25 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі жоғары технологиялардың 19-шы халықаралық көрмесінде TEB (Transit Elevated Bus) атты автобустың концепті көрсетілді.
«Болашақ көлігінің» конструкциясы жеңіл автомобильдерге оның астымен өтуге мүмкіндік береді, құрастырушылардың айтуынша, бұл тұрғындары көп қалаларда кептелістерден арылтады.