Қытайлықтың көшеден тауып әкелген күшігі қонжық болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юньнань провинциясында қытайлық фермер көшеде аш күшік тауып алды, оның азиялық қара қонжық екенін кейіннен бір-ақ білді, деп хабарлады Mirror қытайлық мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ер адам күшікті үйіне алып келген. Бірнеше аптадан кейін ол жануардың үлкен болып кеткенін байқаған, алдыңғы аяғы ерекше, әрі құйрығы болмады.

Қонжықты ол Юньнань провинциясы Дэхун-Дай-Качинск автономиялық округінен тапқан. Кішкентай жануар жақын маңдағы орманда анасынан адасып қалған болуы ықтимал. Кейіннен оны селекциялық мақсат үшін жануарлар асырайтын мекемеге тапсырды.