«Қытай Халық Республикасының экспорты – Қазақстан Республикасының импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі алшақтық 40,5 пайызға дейін төмендеді (2019 жылы – 47%, 2020 жылы – 45,5%)», - деді Е. Жамаубаев.
Оның айтуынша, соңғы 3 жылда салық саласында әрі кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша іс-шаралардан бюджетке 2 трлн теңгеден астам қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр әлеуметтік шығыстар 910 млрд теңгеге ұлғайды.
Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев былтырғы бюджет кірістеріне қатысты түсінік берді.