«Қыз бен теңіз» фильмі Silk Road Film Awards – Cannes кинобайқауында марапатталды

Фото: None
КАНН. ҚазАқпарат – Режиссер Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбековтің «Қыз бен теңіз» фильмі Silk Road Film Awards – Cannes кинобайқауында «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фильм» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақфильмге сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Қазақстандық «Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасы прокатқа ақпан айында шықты.

Фильмде балалардың церебралдық параличімен сырқат Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның армандары, махаббат және отбасы туралы баяндалады. Фильм «ARDI» оңалту орталығының қамқорлығындағы (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.

«Қыз бен теңіз» картинасы 2017 жылдың көктемінде өндіріске енгізілді. Фильмнің негізгі түсірілімі Алматы қаласында өтті, жеке көріністер Қапшағай жағалауында түсірілді. Фильмдегі рөлдердің көпшілігін ерекше қажеттіліктері бар кәсіби емес актерлар – «АРДИ» оңалту орталығының студенттері ойнады. Мысалы, басты рөлдердің бірін дилогияның бірінші бөлігіндегі рөлімен танымал Тахир Умаров, сондай-ақ Эмир Байгазиннің «Жараланған періште» трилогиясының екінші бөлімінде Камо рөлін ойнаған Қанағат Тасқараев сомдады. Ал басты кейіпкердің сіңлісі рөліне кәсіби театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова шақырылды.



Соңғы жаңалықтар