Оның айтуынша, күніне 12 шай қасық жанармай ішеді екен. «Жұтқан кезде бензин алдымен аздап ашытады, сосын өзегімді өртей бастайды, - дейді ол. - Қанша ауырсынсам да, өзімді соның арқасында ғана жақсы сезінемін».
Журналистер есептесе, Шеннон тек өткен жылы ғана 23 литр бензин ішкен екен. Дәрігерлер бұның денсаулыққа зиян екенін айтып, дабыл қағуда. «Жанармайды ішу асқазанды күйдіріп, ішті өткізіп, диарея, делсалдыққа душар етеді, тіпті өлімге алып келеді», - дейді олар.
Жеуге немесе ішуге болмайтын заттарға құмар тек Шеннон ғана емес. Индиана штатының кішкентай тұрғыны Натали Хайхерст тастар мен ағаштарды кеміріп, кірпіш сынықтарын жеуді жанындай жақсы көреді екен. Тіпті ол бір күні электр шамын жеп қойып, ата-анасы жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған көрінеді. Содан бері Натали өз өміріне қауіпті бірдеңе жеп қоймауы үшін анасы, әкесі, ағасы үшеуі күні-түні күзетеді екен.