«Қыз Жібек» операсының жаңа қойылымы Астанаға арналады

Астана. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/- Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Есілдің жағасында кешкі сағат 21.00-де «Әуендер ағысы» атты аспапты музыка кеші өткізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорда тойын тамашалаушылар үш күн бойы ақшам жамырай Есілді бетке алады. Мұнда еліміздің танымал классикалық музыка топтары қазақтың және әлемнің классикалық музыкалық шығармаларын орындайды. Өз елімізден асып, Еуропаға танылып үлгерген «Ұлытау» тобының күйшілері мен өзге де аспапты музыка орындаушылары орындаған сазды әуендер Есіл өзенінің ағысымен бірге шалқитын болады?Астананың 11 жылдық мерекесінде жаңаша һәм өзгеше қойылым болады. Елорданың құрметіне жаңаша нұсқамен қойылған, қазақтың эпикалық жыры, ЮНЕСКО-ның назарын аударған «Қыз Жібек» дастанының желісімен өрбіген опера көрсетіледі.