Жылыжай технологиялары қауымдастығының вице-президенті Қайрат Досжанов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.
«Еліміздегі қызанақ пен қияр импорты 80 пайыз. Бұл ресми статистика бойынша 64 пайыз. Ол Қытай мен Орталық Азия елдерінен әкелінеді. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға қомақты қаржы жұмсап жатқанына қарамастан елде оның өнеркәсіптік өндірісінің үлесі 3 пайыздан аспайды. Өнеркәсіптік жылыжай көлемі 128 гектар. Оның 58 гектары ғана қазіргі заманғы озық технологиямен жарақтанған», - дейді Қ.Досжанов. Оның айтуынша, бұл олқылықты делдалдар өз пайдасына оңтайлы жаратып, шекарадағы бағаны 30 пайызға дейін ұлғайтуда. Оның өзіндік құны 80-85 пайызды құрайды. Қазақстан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы өндірістік 9 мың гектар жылыжай керек.