Қыздар университетінің ғалымдары алғашқы өнертабыс патентіне ие болды
Оның айтуынша, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаевтың жетекшілігімен Қыздар Университетінің бір топ ғалымы бірнеше жылдан бері Жаратылыстану факультетінің базасындағы Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибе жүргізіп келеді. Ұзақ жылғы ғылыми ізденістің нәтижесінде олар күн энергиясын түрлендіру құрылғыларына магниттік жартылай өткізгіш материалы ретінде, спинтроника, микроэлектроника және компьютерлік техника құрылғыларына материал ретінде қолданыла алатын өнертабысқа қол жеткізіп отыр.
Жандар Асанның ақпаратына сүйенер болсақ, бұл - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алғашқы өнертабыс-инновациялық патенті. Оқу орнының Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми, қоғамдық және басқа да ғылыммен айналысатын ұйымдармен бірлесе отырып, ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады.
Орталықтың жұмыс істеу бағыты бойынша қызметкерлерге, университеттің білім алушыларына қызмет көрсетуге жоспарланған. Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары химия және биология кафедраларының бірнеше ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі.