Қыздар университетінің құрылғанына 75 жыл толды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 75 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іргелі білім ордасы осыдан 75 жыл бұрын, яғни 1944 жылғы15 тамызда ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қазақ қыздарынан жоғары дәрежелімамандар даярлау туралы №457 қаулысы негізінде институт болып ашылды.

Сол жылдың қыркүйек айында институтта физика-математика,тіл-әдебиет және тарих факультеттері ашылып, 100 студент оқуға қабылданды. 1944жылы институттың үш факультетінде қызмет еткен ең алғашқы 20 оқытушының бесеуіғылым кандидаты, сегізі аға оқытушы және жетеуі оқытушы болды. Еліміздің шалғайаудандарындағы қыз балаларын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани биік,парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешумақсатымен ашылған білім ұясының бұл кезеңі ел тарихының елеулі, қиын дасұрапыл екінші дүниежүзілік соғыс кезімен тұспа-тұс келді», - деді оқу орныныңресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Қара шаңырақтың ашылуына Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов,Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров, Жұмабай Шаяхметов, НұртасОңдасынов, Әлкей Марғұлан, Нығмет Сауранбаев, Қажым Жұмалиев, Ахмет Жұбановсынды ұлтымыздың даңқты перзенттері үлкен қолдау көрсетіп, «Тәңір жазса бұлинститут қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының үлкен шамшырағы болады. Осышамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін» деген ақжолтай тілегін білдірген.

Еліміздің дамуына зор үлес қосып келе жатқан оқу орныбүгінде Қазақстанның жоғары білікті кадрлар даярлайтын негізгі орталығыныңбіріне айналып отыр. Еліміздегі білікті мамандар мен талантты ғалымдардың,дарынды ұстаздардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шығып, Отанымыздыңөсіп-өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп жатыр. Университеттің 75 жылдық төлтарихында оқу орнын 60 мыңнан астам түлек бітірді.

«Нұрсұлтан Назарбаев университетке келген сапарында: «Бірқызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деп атап өткен болатын. Қазақұлттық қыздар педагогикалық университетінің басты мақсаты – білікті, жоғарыморальді және кәсіби қасиеттерді иеленген тұлғалар даярлау. Ордалы оқу орныныңұжымы бүгінде осы құндылықтарға сүйене отырып жұмыс жасауда», – деді ЖандарАсан.

Соңғы жаңалықтар