Оның айтуынша, бекітілген ережеге сәйкес жаңа оқу жылы басталарда яғни, Қыздар Университетінің студенттерін жатақханаға орналастырудың алдында білімгерлер толықтай медициналық тексеруден өтіп, уақытша тіркеуге тұрғызылды. Бұл жұмыстар тамыздың 20-31 күндері аралығында ұйымдастырылды.
«Медициналық тексерулер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 175 бұйрығы бойынша және университет ректорының 01.03.2018 жылғы № 95 бұйрығымен бекітілген «Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі туралы» ереженің «Тұрғын үй келісім-шартын, үлгі бойынша бекітілген рұқсат қағазын, дәрігерлік қараудан және төлем өткізгеннен кейін студент бұйрық бойынша бекітілген жатақханасына барып орналасады» атты 3.3 тармағымен жүргізіледі», - деп атап өтті Жандар Асан.
Айта кетейік, Қыздар Университетінің 6 факультетіндегі 28 кафедра бакалавриат бойынша - 43, магистратура бойынша - 23 және PhD докторантура бойынша - 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады. Бүгінде оқу орнында жалпы саны 6 мыңнан астам студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторы мен ғылым магистрі дәріс береді.