«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуіне қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан.
Видеоүндеу «Есіл« ауданының полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлаймыз!», - делінген Рolisia.kz Telegram-каналында.