ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны жазасын қатаң режімдегі абақтыда өтеумен 25 жылға бас бостандығынан айырды.
«Қайғылы оқиға өткен жылы, 12 қыркүйекте болды. Түн ішінде көршісіне есік ашқан қыз өмірімен қош айтысты. Үйде кіші інісі қалған, ал анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен», деп хабарлайды yk.kz.
Айымды полиция, туыстары, еріктілер ұзақ іздестірді. Бірақ оқушы қыз ізім-қайым жоғалды. Тек көктемде қыздың денесі қала маңындағы қоқыс арасынан табылды. Күдікті табылған кезде Семейде әйелді зорлағаны үшін қамауға алынған еді. Кейінірек, ол сондай-ақ Шар қаласында тағы бір әйелді зорламақ болғаны анықталды.
«Қылмыскер сотта өкінген де жоқ, кінәсін мойындамады. Кінәлі емеспін деді, жасым 24-те ғана, деп ұзақ мерзім бермеуді өтінді. Тіпті өзге жәбірленушілерге сес көрсетті», - деді қыздың анасы Зимхан Ыбрайымова.
Ол алғашында жетім қалып, ата-әжесінің қолында өскен көршісінен еш күдіктенбегенін айтты. Өз ізін шебер жасырғаны соншалық, айғақтар алу үшін екі рет эксгумация жасауға тура келген.