Қызғалдақтың отаны - Қазақстан

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Астана қаласы Суретшілер одағының көрме залында «Қызғалдақтың отаны - Қазақстан» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша балалар суреттері мен фотосуреттерінің көрмесі өтеді,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Гүлстан»   республикалық ғылыми-танымдық журналы,  Алматы  қаласының «Гүлзар»   қоғамдық бірлестігі  және  Қазақстанда  бірқатар экологиялық  жобаларды  жүзеге асырушы   БҰҰ Даму бағдарламасы/Жаһандық  экологиялық қордың    халықаралық  жобалары  ұйымдастырған  «Қызғалдақтың  отаны - Қазақстан»  республикалық фестивалі     2009 жылдың сәуір-мамыр  айларында     республика бойынша өтті.  Оны өткізудегі мақсат -      қызғалдақ өсетін   негізгі аумақтың бірі ретінде Қазақстанды кеңінен  таныстыру,    өскелең  ұрпақты     қоршаған ортаны  қорғауға баулу болды.

Фестивальдің финалы  маусымның 5-інде Алматыда    болып,  онда  8 аталым бойынша  республика  облыстарындағы  мектеп оқушыларының 522   жұмысының көрмесі   ұйымдастырылды.

Енді ол  көрме  Астанада   өткелі  отыр.