Қызғаншақ бойжеткен басқа қызбен келе жатқан сүйіктісін көлігімен қоса жолдан шығарып жіберді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Волгоград облысы Красноармейский ауданында жол-көлік оқиғасынан екі адам жапа шекті, деп жазады жергілікті БАҚ.

Жол бойында жүйткіп бара жатқан бойжеткен кенет онымен қатынасын үзген сүйіктісінің құрбысымен келе жатқанын байқап қалады. Қызғаныштан ол Mazda Demio көлігімен Daewoo Nexia көлігіндегі екі жасты қағып, жолдан шығарып жібереді. Оқиға салдарынан Daewoo Nexiaның 28 жастағы жүргізушісі мен қасындағы 29 жастағы бойжеткен қатты жараланған. Ал қызғаншақ қыз оқиға орнынан тайып тұрған.