Тергеу органдарының мәліметінше, Шао Цзунци әйелінің қатарынан екі көршісімен көзіне шөп салып жүргенін біліп қалады. Ашуға булыққан ер адам әйелінің көңілдестерін отбасыларымен қоса атып тастаған. Нәтижесінде 6 адам ажал құшып, тағы үшеуі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Күдікті бұл қылмысын толығымен мойндады. Ал бұған қызғаныш себеп болды деп түсіндірді. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
10:46, 05 Ақпан 2014
Қызғаншақ қытай әйелінің көңілдестерін отбасыларымен қоса қырып тастаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай полициясы бүгін алты адамды өлтірді деген күдікпен Хоуцяо елді мекенінің (оңтүстік-батыс Юньнань провинциясы) тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.