Абырой болғанда дер кезінде келген өрт сөндірушілер үйдегі жалынды сөндіріп үлгерген. Ұсталған ер адам басында полицейлерге үйді қасақана, әйелді сол жерде өздерімен бірге отырған бөтелкелесінен қызғанғаннан өртеп жібердім десе, артынан ол сөзінен айнып, үйді абайсызда, темекінің ұшқынын жерге түсіріп алып, өртеп алдым деп шыға келді.
Әсілінде қалай болғанын енді полицейлерге тергеу арқылы анықтауға тура келеді. Ұсталған адамға қатысты әзірге «ешқайда кетпеу туралы» шара қолданылды.