Қызғыш құс Ресейде 2010 жылдың құсы болып жарияланды
17:02, 24 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Құстарды қорғау одағының нұсқасы бойынша, 2010 жылдың құсы - қызғыш құс болып жарияланды,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Жыл сайын Ресейдің Құстарды қорғау одағы жыл құсын таңдайды. Бұл атақтан үміткерлер бірнеше шарттарға сай болуы керек. Ең алдымен, құс ел аумағының барлық немесе басым бөлігінде өмір сүруі керек. Оған қоса, ол тануға оңай және адамзаттың қамқоры мен көмегіне мұқтаж құс болғаны жөн.
«Жыл құсы» науқанының мақсаты - құстарға және оларды қорғау проблемаларына Ресей халқының назарын аудару.