ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы лауазымды қызметкерлерінің үстінен ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл қызметкерлер мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде өнім жеткізушілерге «оң» көзімен қарап, медициналық жабдық құнына мониторингті дұрыс жүргізбеген, сөйтіп мемлекетке 12,7 млн. теңге көлемінде залал келтірген.
Департамент сондай-ақ салықтан жалтарған жеке кәсіпкердің үстінен де ҚР ҚК 221-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Бұл азамат 2006-2008 жылдары декларацияға кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректер енгізу арқылы 109,9 млн. теңге көлемінде салықтан жалтарған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).