ОРАЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Алдын ала тергеу сатысында заңдылық сақталуын қадағалауды сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде облыстық прокуратура ҚР ҚК 269-бабы 2-бөлімі «в» тармағы, 315-бабы 4-бөлімі бойынша
(абайсызда кісі өліміне әкеп соққан, тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету, ауыр зардапқа әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік) «Горлифт» МКК бұрынғы директоры Талғат Хайруллинді айыптау туралы қылмыстық істі сотқа жолдады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Т.Хайруллин «Горлифт» МКК директоры ретінде қызметінде әрекетсіздікке бой алдырып, пайдалануға берудің нормативті мерзімі өткен лифтіні ажыратуда және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шаралар қабылдамаған, соның салдарынан лифтінің шахтасына құлап, Н.Алиева деген аяғы ауыр әйел қаза тапқан.
Бұл оқиға өткен жылы 18 қаңтар күні Оралдағы Инструментальная көшесі бойындағы көп қабатты үйде болған еді. Н.Алиева Әзірбайжан елінің азаматшасы болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).