Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет саласын дамыту» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Сараптама және стратегиялық жұмыстар орталығының меңгерушісі Эльдар Сыздықов осылай мәлім етті.
«Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президент Әкімшілігі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалайтын болады. Жалпы біз мемлекеттік органдар қызметін 6 өлшем бойынша бағаласақ, ондағы мемелкеттік қызмет көрсету сапасы басты өлшемдердің бірі болып табылады», - деді Э.Сыздықов.
Жиын барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңа қадамдар, бағалау тетіктері мен оныі сапасын қадағалау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қатысуы секілді мәселелер талқыланды.