Бұл туралы бүгін Астана қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Ерлан Рахымбеков айтты.
Оның мәліметтері бойынша, «Пәтер бюросы» акционерлік қоғамының Бас директоры Омаров 9 айға бас бостандығынан айырылды. Ал осы компания басшысының қаржы жөніндегі орынбасары Калашников 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ
«Т-АДК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшілері Баймакин мен Кимнің мүліктері тәркіленіп, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.