Қызметкері үшін МӘМС пен зейнетақы қорына ақша аударатын кәсіпкерден алынатын төлем мөлшері бекітілмек
Құжатта жазылғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін біріңғай төлемдер саласындағы келесі қызметтер үшін мына мөлшерде төлем алынады:
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша бюджетке бірыңғай төлемнің сомасын бөлу және аудару – 136 теңге 5 тиын (1 төлем үшін);
- Бірыңғай төлемнің қате немесе артық төленген сомаларын қайтаруды – 2020 теңге 41 тиын (1 төлем үшін).
Тоқтала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл қызметтерді тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке кәсіпкерлер үшін көрсетеді. Яғни, олардан өз қызметкерлеріне тиісті аударымдары жасау кезінде белгіленген сомма алынады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық-жобасы 6 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.