Бұл туралы бүгін Алматыда Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын нығайту және қорғау» деп аталатын «дөңгелек үстелдің» қатысушылары атап өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы мамандарының пікірінше, салауатты өмір салтын қалыптастыруды енгізу үшін Үкіметтің, өнеркәсіп басшылары мен халықаралық және ҮЕҰ-дың бірыңғай іс-әрекеттері қажет.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, кәсіпорындардың тұрақты дамуы тек қызметкерлеріне денсаулықтарын сақтауға арналған жағдайды жасағанда ғана мүмкін болмақ.
«Барлық кәсіпорындар біртіндеп сақтандыруды қолдануға көшулері қажет. Сонымен қатар кәсіпорындар өз қаражаттарына қызметкерлерінің денсаулықтарын сақтау мен еңбекке қабілеттіліктерін арттыру мақсатында профилактикалық медициналық тексерулерден өткізіп тұруды қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ стресстік жағдайлар мен психологиялық шаршауларда көмек бере алатын психолог әр ұйымда болуы қажет. Содай-ақ, әр жұмыс орнында міндетті өндірістік гимнастикаларды енгізу қажет, әр еңбектің түріне қарай кешенді жаттығуларды ойлап табу керек», - деп санайды жиынға қатысушылар. Олардың айтуынша, әр жұмыс орындары мүмкіндігінше, спорттық-тренажер залдары мен массаж бөлмелерінің болуын қарастыруы қажет.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының бас маманы Наталья Яковлеваның айтуынша, еңбекті қорғау және қызметкердің денсаулығы - кәсіпорынның тұрақты дамуындағы әлеуметтік маңызды мәселе болып табылады.