Ережелерге сәйкес, егер қызметкерлер жеке мобильді құрылғыларын банктің ақпараттық активін өңдеу үшін қолданса, олар арнайы бағдарламаллық құрылғымен қамтамасыз етіледі. Ол жеке ақпарат пен банк активін ажыратады. Мобильді құрылғыға орналасқан банктің барлық ақпараты шифрлы түрде сақталатын болады.
Сондай-ақ, жаңа талаптарға сай, банктер мен мекемелер қызметтік станциялар мен мобильді құрылғылардың есебін корпоративтік желіде жүргізуі тиіс. Есепке алу жүйесі электронды түрде немесе қағаз нұсқасы түрінде болады.Ол қызметтік станцияның нақты орналасқан жерін дәл тауып немесе мобильдік құрылғының кімге тиесілі екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса, пайдаланушыларға бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауға, сырттағы жабдықтарды және қызметтік станцияларды өз бетімен жүзеге асыруға тыйым салынады.