Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, экономикалық белсенді халық санына қарағанда жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызға жетті. Атап айтқанда, биылғы жылғы ақпанның аяғында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің саны 73,2 мың адамды құрады.
Сонымен қатар 2010 жылдың қаңтарында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 66 674 теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда өсім 8,6 пайызға жетті.