Қызметте табысты болу үшін де жақсы мінез қажет - Ғылыми зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қызметте табысқа жету үшін интеллектуалдық білім, танымнан гөрі көркем мінез-құлық қажет. Австарлияның Гриффит университеті зерттеушілері тіпті білім алуға да мінезді болу керектігін айтады, деп жазады meddaily.ru.

Психологтар тұрақты, ашық, жайдары, кешірімшіл сияқты адами қасиеттерді басшылыққа ала отырып, бірнеше студенттің үлгерімін зерттеген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, студенттің мінезіне қарап, оның сабақ үлгерімі мен интеллектуалдық деңгейі анықталған. Сынақ болжамдары дәл шыққан. Егер достары мен оның араласатын адамдары бір студентті жақсы мінезді деп көрсетсе, оның сабақ үлгерімі мен білім деңгейі соған сай болып шыққан. Әсіресе, адамның жетістікке жетуіне, арлы, ұятты мінезі мен ашық, жайдарылығы көп әсер етеді.

Бұған дейінгі зерттеулерде өзін ақылдымын деп санайтын студенттердің керісінше, кері кетіп, бара-бара салақсып кететіні анықталған. Ал, өзін қарапайым еңбекқор ретінде санайтын адамның жетістіктері үсті-үстіне қосыла берген. Қортындысында ғалымдар, интеллектуалдық танымнан гөрі адам жақсы, көркем мінезге үйреніп, өзін тәрбиелеуі керектігін ескертеді.