«ҚР ҚК 440 бабының 4 бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша Байзақ Береке Бақытжанұлы кінәлі деп танылып, оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын». Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Айдар Исабеков осындай үкім оқыды.
Сотталушы өзіне тағайындалған жазаны қауіптілігі орташа колонияда өтейтін болады.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2017 жылдың 21 қыркүйегінде сарбаздар арасында жанжал туындаған. Олар әскери бөлім аумағындағы аяқ киім тазалау бөлмесінде төбелесіп, салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысынан шақырылған сарбаз Жексембай Е.Н ауруханада көз жұмды.