АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қызметтік автокөліктерден бас тартқан әкімдіктің қанша қаражат үнемдейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қызметтік көлікті қолдану ұстанымын қайта қарадық. Осылайша, автокөлік алу мен гараж ұстаудан бас тарттық. Көліктік қызметтерді нарықтан сатып аламыз. Осы арқылы бес жылда 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемдейміз», - деді Исекешев «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында өткен жиналыста.
Бұған дейін астаналық әкімдіктің 2018 жылдан бастап, такси қолдану бойынша пилоттық жобаға ауысатыны хабарланған еді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.