«Әкім жалға алу құқығы бойынша такси қызметін пайдаланатын болады. Бұл - белгілі бір көлік немесе жүргізуші. Таксопарк ол көлікті немесе жүргізушіні ауыстыра алады. Бәлкім, басқалардан гөрі, әкімді алып жүретін жүргізушіге қойылатын талап қатаң болуы мүмкін. Қауіпсіздік туралы сұрайтын болсаңыздар, әкімнің жүргізушісіне берілетін арнайы артықшылықтар немесе аттестаттау, тестілеу жоқ. Ол да - қарапайым такси жүргізушісі. Әкім демалып жатқанда ол жүргізуші басқа да таксистер секілді басқа ұйымдар үшін жұмысын жалғастыра береді», - деді Ғани Исқалиев.
Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық әкімдіктің 2018 жылдан бастап, такси қолдану бойынша пилоттық жобаға ауысатыны хабарланған еді. Осы жылдың қыркүйек айында қала әкімдігі қызметтік көліктерден бас тартқалы отыр.